ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты
Алматыдағы Қожамқұлов көшесінде орналасқан Hotel Plaza Almaty қонақ үйінен өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар департаментінде мәлімдегендей, өрт туралы хабар 23:30 шамасында келіп түскен. Өрт қонақ үйдің жертөле қабатындағы саунадан басталған. Ал түтін ғимараттың барлық қабатына тараған.

"Қонақтар барлық терезеден көмек сұрады. Өрт сөндірушілер бірден құтқару жұмыстарын бастап кетті", – делінген хабарламада.

Адамдар үш өрт сөндіру және төрт жылжымалы баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге 42 өрт сөндіруші мен 14 бірлік техника жұмылдырылған.

Автор
Айбар