KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматыдағы қанға боялған пәтер: полиция түсініктеме берді

• Айгерім Асылова

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы қанға боялған пәтер туралы видео тарады. Кадрдан аударылған жиһаздар мен шашылған заттар көрініп, қолданушылар адам өлімі болған деп жорамал жасады. Бұл туралы kznews.kz  хабарлайды.

Алайда Алматы полициясы ауыр немесе аса ауыр қылмыс тіркелмегенін мәлімдеді. Оқиға Бостандық ауданында болған: апа-сіңлі ішімдік ішіп, бірі абайсызда сынған шыны бөтелкемен аяғын жарақаттап алған. Салдарынан пәтер қанға боялған.

Тәртіп сақшылары азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →