Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы Көкжайлау шатқалында сауық кешін ұйымдастырғандар қатаң жазаланады - қала әкімдігі - Қазақстан жаңалықтары

Алматыдағы Көкжайлау шатқалында сауық кешін ұйымдастырғандар қатаң жазаланады - қала әкімдігі - Қазақстан жаңалықтары

Көкжайлауда сауық кешін ұйымдастырған жастар қатаң түрде жазаланады. Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы территориясында көп адамның жиналуына, маскасыз жүруге тыйым салынған. Бұл адамдар осы талаптарды бұзған. Концерт қойған, қоқыс төккен. Олар ешқандай ұйымның санкциясын алмаған. Санитарлық талаптарды орындамаған. Қазір полиция департаментіне нақты тапсырма бердік. Бұл азаматтардың үстінен әкімшілік іс, қылмыстық ахуал байқалса тіпті қылмыстық іс қозғаймыз", - деді Қожағапанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматылық жастар карантинге қарамастан Көкжайлауда сауық кешін ұйымдастырғаны айтылған еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан