ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы блок бекеттерге адамдардың не үшін жиналғаны белгілі болды 

Алматыдағы блок бекеттерге адамдардың не үшін жиналғаны белгілі болды 

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Алматы маңындағы блок бекеттерге жүздеген адам мен көлік жиналды. Олар төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін қала ашылады деп ойлаған

АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Алматы полиция департаменті Алматы облысы тұрғындарының мегаполиске кіруге әрекеттеніп жатқаны туралы видеороликтерге түсініктеме берді.

Таңертең Талғар ауданымен шекарадағы блок бекетте де үлкен көлік кептелісі болды.

11 мамырда таңертең Алматы аумағындағы карантиндік блок бекеттерге ондаған адам жаяу және көлікпен жинала бастады. Қала билігі карантин режимі жалғасатынын алдын ала ескерткеніне қарамастан, адамдар төтенше жағдай режимінің алынуын қалыпты өмірге оралу деп түсінген.   

Жүзден астам адам Алматы облысының Қарасай ауданымен шекарадағы блок бекетке жиналды. Дегенмен қоршау арқылы арнайы рұқсаты бар адамдар ғана өткізілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынып тасталды 

Алматы полициясы төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, қаланың жедел штабының шешімімен карантин шарасы жалғасатынын еске салды.    

"Алматы полиция департаменті қала аумағындағы 27 блок бекет бұрынғыша жұмыс істеп жатқанын хабарлайды. Алматының карантиндік шекаралары жабық", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол блок бекеттерде қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғалары болмағанын, қазір жағдай тұрақталғанын атап өтті.


sputniknews.kz
Автор
Данияр