Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы айырбастау пунктінің жанында әлдекім қала тұрғынының 13 миллион теңгесін тартып алған

Алматыдағы айырбастау пунктінің жанында әлдекім қала тұрғынының 13 миллион теңгесін тартып алған

Алматыда ақша айырбастау пунктінің жанында әлдекім қала тұрғынынан 13 миллион теңге көлеміндегі ақшасын тартып алған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жәбірленушіге қоқан-лоққы көрсетіп, қысым жасаған. Амалы қалмаған азамат қолындағы бар ақшасын беруге мәжбүр болыпты. Алайда өзіне жәбір көрсеткен тұрғынның түр сипатын жаттап қалыпты.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 39 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірген. Қазір оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Ізін суытпай күдікті ұсталып, қазіргі таңда уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қылмыстық Кодекстің 191-бабының нормалары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл баптың нормалары бойынша 7 жылдан аса бас бостандығынан айыру көзделуде”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.