Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы Ақсай өзенінің көпірі пайдалануға берілді

Алматыдағы Ақсай өзенінің көпірі пайдалануға берілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Жандосов көшесі бойындағы Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді рекнострукциялау аяқталды.

Сонау 1963 жылы салынған көпірдің үстімен Наурызбай және Қарасай аудандарының автокөліктері жүреді. Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша көпір 2015 жылы апатты деп танылған еді.

«Бұрынғы ескі көпір түгел алынып тасталды, мықты тіректері мен қабырғалары бар әрі гидроизоляцияланған, өтпелі плиталар жасалып, қоршаулар қойылған, екі қабатты асфальт төселген жаңа көпір пайда болды. Реконструкция кезінде төрт жолақты көлік қозғалысы және олардың екі жағына екі тротуарлар жасалды. Жүзеге асқан нақтылы шаралардың барлығы көпірдің үстімен жүретін барлық көліктің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар.

Еске салсақ, өткен аптада реконструкциядан соң «Медеу» - «Шымбұлақ» көпірі ашылған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар