"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жігіттер түнгі уақытта бойжеткенді күштеп, көлігімен алып кетпек болды

Алматыда жігіттер түнгі уақытта бойжеткенді күштеп, көлігімен алып кетпек болды

Оқиғаның 15 қыркүйекте болғаны белгілі болды

Алматыда екі жігіт бойжеткен қыз баланы түнгі уақытта күштеп көлікке отырғызып, алып кетпек болған, деп хабарлайды Kznews.kz

Бойжеткен қызды өзге қыз бала аман-есен құтқарып қалды. Оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, ресми мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 15 қыркүйекте болған. «102» арнасына куәгерлерден түскен хабарлама бойынша оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілген.

«Оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Белгілі болғандай, жас жігіт пен қыз бір-бірімен таныс екен. Қыз шағымданудан және арыз беруден бас тартты.

Сонымен бірге ер адаммен заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік түсіндіріліп, профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Айта кету керек, полиция ықтимал құқыққа қарсы әрекет туралы әрбір хабарламаға, әсіресе зорлық-зомбылық пен өмірге немесе денсаулыққа төнетін қатер мәселесіне жедел ден қояды», – делінген хабарламада.

 
Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.