Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке жетті

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке жетті

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке дейін артқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.


Министрліктің хабарлауынша, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісінен бас жарақаты, түрлі жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.
"Әр түрлі көрсеткіштермен олар қаланың стационарларына жеткізілді. Оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-і ауруханаға жатқызылса, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 10 бала медициналық көмек алды. Оның 5-еуі ауруханаға жатқызылса, 5-еуі амбулаториялық емге жіберілді.

фото: ашықдереккөз

Автор
Данияр