KZNews.kz
Қоғам

Алматыда жер сілкінісі қайталануы мүмкін бе?

Torgyn Abushakhman

Алматының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісіне қатысты қосымша ақпарат берді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитудасы MPV – 3.8.

Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.

Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ. Дегенмен, 101 және 112 нөмірлеріне қоңыраулар түсіп жатыр. Сейсмологтардың датчиктері тіркеп, Mass Alert автоматты түрде іске қосылған.

- Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз! Алаңдауға еш негіз жоқ. Сейсмологтардың ақпараты бойынша афтершок болмайды, дейді ТЖД басшысының міндетін атқарушы Дамир Ермағамбетов. 

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары