Министр өз кезегінде "Көлік жүргізушісін ұрған түрік азаматы елден қуыла ма?" деген сауалға жауап берді.
Ол "Іс қаралып жатыр, тергеу жүріп жатыр" деп қысқаша қайырған.
Сондай-ақ, министр тергеу аяқталған соң іс сотқа жөнелтілетінін айтты.
"Аталған мәселе тек сот шешімінен кейін ғана белгілі болады. Сондықтан сот шешімін күтетін боламыз", - дейді министр.
Айта кетейік, 18 қыркүйекте Алматыда жедел-жәрдем жүргізушісін белгісіз біреу соғып кеткен еді. Кейін тәртіп бұзушының түрік азаматы екені анықталған. Біршама уақыттан кейін азамат кешірім сұрағанымен, жәбір көрген көлік жүргізушісі істі сотқа дейін жеткіземін деп отыр.