KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыда жасөспірімнің мәйіті табылды - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Алматыда 16 жасар жасөспірім итімен бірге серуендеуге шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Іздестіру кезінде оның арқанға ілулі тұрған денесі Орбита-3 шағын ауданындағы №45 мектептің жанындағы спорт алаңынан табылған. 

Қалалық полиция департаментінде хабарлағандай, аталған факті ҚР ҚК-нің "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Қылмыстық іс бойынша өндірісті Бостандық ауданының полиция басқармасы жүзеге асырады . Адам өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мәйітті тексеру кезінде азамат З. , 2003 жылы туған, зорлық - зомбылық белгілері анықталмаған",- деді органда.


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →