Атырауда полицейлерге шабуыл: екі қызметкер жарақат алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда төбелестің арты атысқа ұласқан: Оқиғаға жауаптылардың тағы бірі ұсталды - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда төбелестің арты атысқа ұласқан: Оқиғаға жауаптылардың тағы бірі ұсталды - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда арты атысқа ұласқан төбелес ұйымдастырған тағы бір кінәлі азамат қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті – 26 жастағы азамат.

"Бұл жігіт қарсыласы – 37 жастағы Ж. есімді ер адамның аяғына пышақ сұққан. Сөйте тұра қылмыс орнынан қашып кеткен. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әлдебіреулердің атыс ұйымдастырғаны жайлы айтылған еді. Бір адам аяғынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға 3 маусымда 21:00 шамасында орын алған. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан