Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысты: Зардап шеккендер бар (видео)

Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысты: Зардап шеккендер бар (видео)

2024 жылдың 26 ​​қарашасында Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында сағат 11:40-та болған.

"Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесінің бойымен солтүстік бағытта, Гоголь көшесінің солтүстігінде, батысқа қарай темір жол бойымен келе жатқан тепловозға соқтығысты", – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан автобустың алты жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының Алатау ауданында автобус пен жүк көлік соқтығысқан еді.

Автор
Айбар