KZNews.kz
Қоғам

Алматыда тағы да жер сілкінді

KZNEWS

13 маусымда Алматыда сағат 22:25-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқаны анықталды.

Жерасты дүмпуі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген. Қираған ғимараттар жоқ.

Бұған дейін Алматы прокуратурасы жер сілкінгенде сейсмикалық ескерту берілмегені үшін қылмыстық іс қозғаған еді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары