Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда сауда орталығындағы жаппай сатылым кезінде адамдар кептеліп қалды

Алматыда сауда орталығындағы жаппай сатылым кезінде адамдар кептеліп қалды

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жаппай сатылым кезінде келушілердің көптеп жиналуынан күтпеген жағдай болды. Әлеуметтік желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Халықтың тығыздығы соншалық, бірнеше сауда орындары мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігі үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді", - делінген видеодағы жазбада.

Алматы полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.
“Алматы полиция департаменті сауда орталығында көпшілікті дүрліктірген акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісінің жауапқа тартылатынын, оның әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлайды", - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Автор
Данияр