Шоу-бизнес

Алматыда құсбегілердің ІІ ашық Азия чемпионаты басталды

KZNEWS KZNEWS
Алматыда құсбегілердің ІІ ашық Азия чемпионаты басталды

Алматы, BAQ.KZ. Құсбегіліктен II Ашық Азия чемпионатына онға жуық мемлекеттің командалары қатысады.

Дүбірлі дода Алматы қаласы әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ТІКА» түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының, «Қыран» федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

"Қазақстанның өзінен жетпістен астам құсбегі бақ сынамақ. Ал, алыс-жақын шетелдерден жарысқа қатысатын құсбегілер саны жиырмадан астам. Венгрия, Словакия, Италия, Испания, Түркия, Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Шотландия, Чехия және Қырғызстан мемлекеттерінен жарысқа қатысу өтінімдері түсті" - дейді ұйымдастырушылар.

Бүркітті шырғаға түсіру, түлкі мен қоянға салу, қаршыға, сұңқар, ителгімен қоян, кептер ұстау, ителгіні далбайға ойнату – Құсбегіліктен II Ашық Азия чемпионатының ең қызықты бәсекелері.

Еске салып өтсек, 2013 жылы Астана қаласында бүркітшіліктен дүниежүзілік фестиваль ұйымдастырылса, 2017 жылы Көкшетау қаласында құсбегіліктен І Азия чемпионаты өткізілді.

Құсбегіліктен II Ашық Азия чемпионатының

БАҒДАРЛАМАСЫ

30 қараша
10.00-10.30 Дайындық кезеңі.
10.30-11.00 Құсбегілердің жарысқа қатысу дайындығын сынау.

11.00-14.00 Іріктеу жарысы.1) Қыран құстарды қолға шақыру.2) Еркін ұшыру.

14.00-15.00 Түскі үзіліс
15.00-17.00. Іріктеу жарысының жалғасы
1. Бүркітті шырғаға салу.
2. Сұңқарларды далбайға шақыру
17.00-17.30 Жарысты қорытындылау.

1 желтоқсан
10.00-13.00 Жартылай финал. Еркін аң аулау. Бүркітті қоянға салу.
13.00-14.00 Түскі үзіліс.
14.00-15.00 Аңшылыққа қажетті құрал- жабдықтардың көрмесі.
15.00-16.00 Қаршыға, сұңқарларды кептерге, қырғауылға салу.
16.00-16.30 Жарысты қорытындылау.
2 желтоқсан. ФИНАЛ.
10.00- 10.30. Чемпионаттың Салтанатты ашылуы.
10.30-11.20 Еркін аң аулау. Бүркітті түлкіге салу.
Қаршыға, сұңқарларды қоянға салу.
11.20-12.00 Жарысты қорытындылау. Чемпионаттың салтанатты жабылуы.

Құсбегіліктен II Ашық Азия чемпионаты Алматы қаласының Алатау ауданындағы Бауыржан Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысында («Промзона» аймағында) өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz