Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қайтыс болды

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қайтыс болды

Алматыда Таугүл ауданындағы құрылыс алаңында кран құлады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы қала әкімдігі мен Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 қаңтарда сағат 10.40-та мердігер компания кран айдайтын адаммен бірге кран жалға алғаны белгілі болды.

"Нәтижесінде 49 жастағы қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Құрылысындағы ақауға байланыс кран құлаған. Тергеу жүріп жатыр", - деді әкімдік өкілі.

Алматы қалалық Полиция департаменті өкілі бұл дерек ҚК-нің 277-бабы 2-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдеді.

"Бұл істі Әуезов аудандық Полиция басқармасы тергеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.
Автор
Нұрсұлтан