Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес қалада қызметіне шектеу қойылған нысандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа бұйрыққа сәйкес мына орындардың қызметіне шектеу қойылыпты:
1) діни объектілер;
2) сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, интернет және компьютер клубтарының, ойын орындарының, отбасы демалысы орталықтары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілері;
3) Қазақстан Республикасында өңірлер, қалалар, ауылдық мекендер арасында жолаушылар тасымалдайтын автовокзалдар, теміржол вокзалдары,автостанциялар;
4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофейня, кафе, банкет залдары, асхана, донер орындары, барлар. Онлайн тапсырыс қабылдайтын және жеткізетін ұйымдарды қоспағанда);
5) түнгі клубтардың, кальян тарту орындары;
6) монша, сауна, СПА және массаж салондары;
7) білім беру орталықтарының, кружоктардың, артклубтардың, балалардың бос уақытын өткізу орындары және т.б.
8) меншік нысанына қарамастан балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер;
9) ойын-сауық объектілері (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клуб, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтар және т.б.);
10) барлық меншік нысанындағы спорт объектілері (фитнес-, йога, бассейн, тир, ату және т.б.);
11) туризм объектілерімен халықтың мекендеу-тұруына қызмет көрсету саласындағы ұйымдар(қонақүй, отель, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.);
12) ауданы 500 кв.м-ден үлкен азық-түліктік емес дүкендердің, сауда (орталықтарының) үйлері;
13) азық-түліктік (ет сату павильондарын қоспағанда) және азық-түліктік емес (құрылыс базарларынан басқа) базарлар.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі қалада мешіттер мен шіркеулер, қонақ үй мен дәмханалар 18 мамырда ашылмайтынын мәлімдеген еді.
stan.kz