Алматыда автобустардың біріндегі қалта ұрыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі almaty_dtp паблигінде пайда болды. Жарияланған видеодағы кадрларға қарағанда, видео аялдамада түсірілген. Онда екі полицейдің күдіктілерді асфальтқа жатқызғаны көрінеді. Полицей ұсталғандардың бірінің қалтасынан ұрланған телефонды алып, қасында тұрған қызға береді.