“Бұл қаланы жақсы көремін“ - Рыбакина Алматы туралы жылы лебіз білдірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда полицейді өлтіру ісі прокуратураға жолданды

Алматыда полицейді өлтіру ісі прокуратураға жолданды
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жолдау мәселесін шешу үшін прокуратураға берілген.

Ішкі істер министрлігі тергеу 29 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, яғни ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру дерегі бойынша аяқталғанын растаған.

Ведомство тергеу құпиясына байланысты істің өзге егжей-тегжейін жарияламаған.

Оқиға 23 маусымда Алматы облысының таулы аймағында, Көкпек – Көктал – Кеген автожолының 52-шақырымында болған. Сол жерден малшы өртенген адамның денесін тауып алған.

Кейін марқұмның Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Аслан Әлсеров екені анықталған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс Алматыдағы отбасының пәтерінде жасалған. Кейін ізді жасыру үшін мәйітті шамамен 300 шақырым жердегі таулы аймаққа жеткізіп, өртеп жіберген деген болжам бар.

Іс бойынша марқұмның әйелі мен 14 жастағы ұлы күдікке ілінген. Жарияланған мәліметтерде әйелдің бұған дейін полиция қызметінде болғаны айтылады.

Алматы облысында қаза тапқан полицей туралы тың дерек шықты

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер