Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда полиция қызметкері 77 жастағы әженің қабырғасын сындырды

Алматыда полиция қызметкері 77 жастағы әженің қабырғасын сындырды
Фото: видеодан скриншот

Жазба авторының мәліметінше, оқиға 2 қазан күні Іле ауданының Өтеген Батыр кентінде болған. Видеодан полиция қызметкерлерінің кейуананы пәтерден итеріп шығарып жатқанын көруге болады. Сол сәтте олардың бірі әжейді қатты итеріп, ол баспалдақ қоршауына соғылып қабырғасын сындырған.

«Аудандық аурухана науқасты қабылдамай, тек ауырсынуға қарсы дәрі егіп қайтарды. Кейін қалалық травмпунктте әжейдің қабырғасы сынғаны анықталды», — делінген жазбада.

Белгілі болғандай, пәтер сот істеріне байланысты прокуратура шешімімен жабылған. Тұрғындар үйден шығарылған соң қажетті заттарын алу үшін пәтерді ашуды сұраған. Сол кезде полиция қызметкерлері адамдарды тездетуге тырысып, күш қолданған.

Оқиғаға байланысты Алматы облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

«Полиция өкілдері сот шешімін орындау мақсатында барған. Әйел адамның заң талабына бағынбауы салдарынан жанжал шыққан. Полиция қызметкерінің дөрекі әрекеті — заңға қайшы. Қызметтік тергеу басталды, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Тексеру барысы менің жеке бақылауымда», — деді департамент басшысы Мейрам Абикеев.

Қазір оқиға бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр, ал әлеуметтік желі қолданушылары полиция әрекетіне наразы пікір білдіруде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.