«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды - Қазақстан жаңалықтары

Алматы қаласының әкімшілік полиция бөлімінің қызметкері жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 сәуірде болған деп хабарлайды.

"Ол жеке көлігімен түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Әл-Фараби даңғылымен жүріп бара жатып, жер асты жолындағы қоршауға соғылған. Апат салдарынан полиция қызметкері ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол жедел жәрдемде қайтыс болған. Жүргізушінің қанында алкоголь жоқ. Апаттың мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады", - деді полиция басқармасы.

Алматы полиция департаментінің басшылығы мен ұжымы көз жұмған қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.


stan.kz
Автор
Айбар