"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда перзентхана уақытша карантинге жабылды

Алматыда перзентхана уақытша карантинге жабылды

Босанған әйел коронавирус жұқтырған адаммен байланысты болғанын жасырған. Бұл туралы белгілі болған соң қызметкерлер мен пациенттердің бәрі тексерілді

АЛМАТЫ, 28 сәуір — Sputnik. №2 перзентханада аяғы ауыр әйелде коронавирус анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласы тауар мен қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

"№2 перзентханаға түскен әйелде COVID-19 диагнозы расталды. Жүктіліктің 39-шы аптасы, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ол бұл деректі бастапқыда жасырды", - деді департаментте.

Перзентхана қызметкерлері мен пациенттері тексерістен өткені хабарланып отыр. 

"Тексерістен соң диагноз расталмаған әйелдер өзге медицина мекемелеріне, кейбірі үйге карантинге жіберілді", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Мекемеде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. 

"Қазіргі уақытта жаңа пациенттерді қабылдау тоқтатылды. COVID-19-ға қайта тексеріс жүргізу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада. 

Сынама қорытындысы теріс болса, перзентхана жұмысын жалғастырады.


sputniknews.kz
Автор
Данияр