Оқиға

Алматыда «несиелік рақымшылық» туралы хабарламадан кейін ел дүрлікті (ВИДЕО)

Алматыда «несиелік рақымшылық» туралы хабарламадан кейін ел дүрлікті (ВИДЕО)

Ғаламторда «несие кешіріледі» деген хабарламаны естіген жұрт Ұлттық банк ғимаратының алдына жиналды. Соның салдарынан банктің алдында ұзын-сонар кезек пайда болған, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

WhatsApp желісінде тараған хабарламада «Егер несиеңіз болса, тез арада банкке өтініш беріп, арыз жазу керек. 15-желтоқсанға дейін құжат өткізгендердің несиесі кешіріледі», - деп жазылған.

Сол-ақ екен осыны естіген жұрт банк ғимаратының алдына көптеп жиналды. Әзірге ақпараттың авторы кім екені белгісіз.

Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттың жалған екенін айтады.

7 желтоқсанда әлеуметтік желілерде «несиеге рақымшылық» жасалады деген ақпарат тарады. Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, - деді вдеомства өкілдері.

Ұлттық банктің бас кеңсесі 2020 жылдың жазында Нұр-Сұлтанға көшірілгенін айта кетейік.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz