Алматыдағы Жетісу ықшам ауданындағы тұрғын үйдің бесінші қабатынан 26 жастағы әйел секіріп кетті. Құдай сақтап, ол аман қалған. Келіншек бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz сайиы Экспресс К порталына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1995 жылғы Т. есімді келіншек өз-өзіне қол салмақ болған.
«Суицидке бару себебі ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу процесі болуы мүмкін. Абырой болғанда, ол аман қалды. Ауруханаға жеткізілді», - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Тергеу барысында, сондай-ақ келіншектің шектен тыс дәрі ішіп, уланып өлмекке әрекет жасағаны да белгілі болды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасында келіншектің жағдайы тұрақты, ауыр екенін айтты. Ол №7 ауруханаға жатқызылған.
«Есін біледі. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Қарқынды терапия жалғасуда», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.