Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлердің ісі тексеріледі - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлердің ісі тексеріледі - Қазақстан жаңалықтары

Алматы орталық клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің жаппай коронавирус жұқтыру дерегі егжей-тегжейлі тексеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлі Елжан Біртанов мәлім етті.

"Алматы клиникалық орталық ауруханасындағы коронавирус жұқтыру жағдайынан соң менің тапсыруыммен ҚР Денсаулық сақтау вице министрі Камалжан Надыров пен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасов Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы басшысымен бірге "Көктем" шипажайында карантинде жатқан дәрігерлермен кездеседі. Барлық мәселе заң аясында шешіледі деген сенімдемін", - деп жазды министр өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған дәрігерлердің президентке жазған хаты әлеуметтік желілерде пайда болды. Олар Алматының бас санитарлық дәрігерінің сөзіне шағымданды. Сонымен қатар, жағдайды дұрыс тексеруді сұрады. 


stan.kz
Автор
Айбар