Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда көлік ұрыларының 40-қа жуық бандасы ұсталды (фото) - новости Казахстана

Алматыда көлік ұрыларының 40-қа жуық бандасы ұсталды (фото) - новости Казахстана

Алматыда полиция көлік ұрлығымен айналысатын 39 топты анықтады. Бұл туралы оңтүстік астананың Полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Полицияда жалпы 85 адам ұсталғаны айтылған.

Ал криминалды полиция басқармасының бастығы, подполковник Есен Ысқақовтың айтуынша, көлік ұрыларының басым бөлігі ешқандай қорғаныс заттары жоқ көліктерге ұрлыққа түскен.

Әуезов ауданындағы "Жетісу" ықшам ауданында ұры "Тойота Камри" көлігінің айнасын сындырып, видеотіркегішті ұрлап кеткен. Қылмыс түн ортасында болғанымен, қылмыскер қашып құтыла алмапты.

Тәртіп бұзушыны "Боран-087" экипажы ұстаған. Қазір ұрлық фактісі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы Алматыда бұзақылық жасаған 49 топ, 124-қарақшы, 27- пәтер ұрлықшылары, 39- көлік ұрыларының тобы ұсталған. Одан бөлек, 55 ұрлықшы адамдарды қоғамдық орында тонаса, 16 адам көлікті айдап әкеткен".


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Арман