Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ірі супермаркет өртеніп жатыр – видео

Алматыда ірі супермаркет өртеніп жатыр – видео

Өрт ғимараттың шатырынан шыққан. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ


Алматы қаласының Наурызбай ауданында супермаркет орналасқан ғимарат өртеніп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары өртті сөндіруге жұмылдырылды.

"Әшімов көшесі, 13 "А" мекенжайында орналасқан көп функционалды әкімшілік ғимаратының шатыры өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта жалынның жеке тұрғын үйлерге шарпу қаупі сейілді", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.















Алматының Наурызбай ауданында супермаркет орналасқан ғимарат өртеніп жатыр


Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Әрқайсысы 50 литр болатын 3 газ баллоны эвакуацияланды.

"Өрт деңгейі №2 деп жарияланды, жақын орналасқан қонақүй мен қоймаға жалынның таралу қаупі бар", - дейді өрт сөндірушілер.




sputniknews.kz


Автор
Айбар