Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.
Қалалық ТЖД хабарлауыныша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 30 қарашада таңғы сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде болған.
«Өрт туралы хабарлама келіп түсе салысымен, №1 өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Келген бойда1-қабаты және жертөлесі жатаханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқанын анықтады Алдына ла ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады», - делінген ТЖД хабарламасында.
Қабылданған шаралар арқылы өрт сағат 06:22-де жойылды.
«Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталуда. Көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болған», - едлінген хабарламада.
Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.
фото: kaz.nur.kz«Қазіргі кезде өрт пен адамдар өлімінің себебі анықталып жатыр. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылатын болады.Ресми дереккөздерге сілтеме жасауларыңызды сұраймыз», - деді ТЖД өкілдері.