Алматы облысында балаларды ұрған мешіт ұстазы қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ең жасыл балабақша мен колледж таңдалды

Алматыда ең жасыл балабақша мен колледж таңдалды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда алғаш рет өткен «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Балабақшалар арасында Алатау ауданындағы №31 бөбекжай-балабақша, колледждер арасында №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі бірінші орын алды.

Байқауларды Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Алматы қаласының Білім басқармасы ұйымдастырды. Мақсат – білім беру ұйымдарындағы экологиялық бастамаларды қолдап, балалар мен жастарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу, деп хабарлайды kznews.kz.

Балабақшалардың жобаларын бағалау кезінде аумақты көгалдандыру деңгейі, балалардың экологиялық жұмыстарға қатысуы және бастамалардың практикалық маңызы ескерілді. Аудандық кезеңде үздік атанған ұйымдар қалалық кезеңге өтті.

Нәтижесінде бірінші орынды Алатау ауданындағы №31 бөбекжай-балабақша иеленді. Екінші орын Әуезов ауданындағы №186, үшінші орын Медеу ауданындағы №125 бөбекжай-балабақшаға берілді.

Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың басшысы Наталья Карасеваның айтуынша, байқау экологиялық тәрбие саласындағы тәжірибе алмасу алаңына айналған.

«Бағалау талаптары көп болды. Олардың қатарында балабақшалардың ландшафтық дизайны да, балалармен жүргізілетін экологиялық тәрбие бағытындағы жобалық жұмыстар да бар», – деді ол.

Жеңімпаз атанған №31 бөбекжай-балабақшада «Жасыл балабақша» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Балалар қоқысты сұрыптауды, су мен электр энергиясын үнемдеуді, өсімдіктерді күтіп-баптауды және жылыжайда көкөніс өсіруді үйренеді. Бұл жұмыстарға ата-аналар да қатысады.

«Балалар алғашқы күннен бастап экология және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жобалармен жұмыс істейді. Олар қоқысты сұрыптауды үйренеді, ал қайта пайдалануға болатын заттарды арнайы шеберханаларда қолданамыз», – деді балабақша меңгерушісі Айнұр Бахтиева.

Мекемеде бақша мен жылыжайды суаруға тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Органикалық қалдықтар тыңайтқышқа айналдырылады. Сондай-ақ аумақты жарықтандыруға арналған күн панельдері орнатылған.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік жасыл колледж» байқауында бірінші орынды №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі алды. Алматы құрылыс-техникалық колледжі екінші, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі үшінші орынға ие болды.

Жеңімпаз колледжде «Эко-кампус», «Жасыл кеңістік» және «Экологиялық мәдениет» жобалары іске асырылған. Студенттер мен оқытушылар ағаш егіп, аумақты көгалдандыруға және «Ұстаздар аллеясын» құруға атсалысқан. Бастамаға колледж түлектері де қосылған.

Екі байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Алматы қаласы Білім басқармасының дипломдары табысталды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.