KZNews.kz
Қоғам

Алматыда екі автобус соқтығысты

KZNEWS

Алматыда қалалық қоғамдық көлік желісінің екі автобусы соқтығысты, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Оқиға 2 ақпанда таңертең әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында, "Қазақфильм" киностудиясына қарама-қарсы жерде болған. №31 бағыттағы автобус №116 кішірек қоғамдық көліктің артқы жағынан соққан. Соққыдан №116 автобустың артқы әйнек сынған.

Куәгерлер түсіріп алған видеоға қарағанда, автобустар аялдамада соқтығысқан.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

 

KZNEWS
Автордың басқа материалдары