"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда Дженнифер Лопестың екінші концерті өтеді

Алматыда Дженнифер Лопестың екінші концерті өтеді

Америкалық әнші Дженнифер Лопес Қазақстанда екінші концертін өткізеді. Ол 10 тамыз күні Алматыда өтеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Qogam News Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арнада "Астана концерт" компаниясының продюсері Малик Хасеновтің сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында Хасенов Дженнифер Лопестың Қазақстанда екінші қосымша концерт беруі мүмкін екенін айтты.

"Дженнифер Лопеспен екінші қосымша концерт өткізу туралы келіссөздер іс жүзінде соңғы сатысында тұр", – деді Хасенов.

Ол екінші концертті өткізу идеясы билеттер бірінші Астана концертінде толық сатылып кетсе ғана қарастырылғанын атап өтті.

Алайда бүгін, сұхбат жарияланған соң, Динара Сәтжан мен Малик Хасенов Instagram-дағы бірлескен жазбасында концерттің міндетті түрде өтетінін хабарлады.

"10 тамызда Алматыда Дженнифер Лопестың екінші концерті өтеді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін америкалық әншінің концертіне билет бағасы 40-150 мың теңге аралығында болды. Ең қымбат билет – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұратынын жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.