Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болмақ

Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болмақ

Алматыдағы көшелердің біріне мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі берілмек. Әкімдік ұсынысты мәслихаттың қарауына жіберді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаладағы жеті аудан бойынша 156 көшеге жаңа атау беру жоспарланған. Бұл көшелер ресми түрде атаусыз саналады екен.

Ұсынылған атаулар қатарында мәдениет, өнер және тарих саласына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалардың есімдері бар. Атап айтқанда, Бостандық ауданындағы көшелердің біріне Денис Теннің есімін беру ұсынылған.

Айта кетейік, атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда кісі қолынан қаза тапты. Спортшыны көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлер пышақтап кеткен. Дәрігерлер оны екі сағаттан астам уақыт бойы аман алып қалуға тырысқанымен, көп қан жоғалтқан спортшыны құтқару мүмкін болмады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.