Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда да полиция марш белсенділерін ұстады

Алматыда да полиция марш белсенділерін ұстады

Алматыда түстен кейін 15.30 шамасында Желтоқсан көшесі бойымен төмен қарай "Шал кет", "Оян Қазақстан" деп ұрандатып, сап түзеген белсенділерді полиция ұстай бастады. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Желтоқсан - Қарасай көшелері қиылысына келгенде полиция топты жарып, жан-жақтан азаматтарды әкете бастаған. Кейбір әйелдер "жігіттер, бұларың не? ұят емес пе?" деп омон жасақтарының жолын бөгеуге тырысқан.

Азаматтардың қолында "Назарбаевсыз Қазақстан", "Мұрагер мен Қастерге саяси баспана беруді талап етеміз" деген жазуы бар плакаттар болған. Кейбір жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, кемінде 40 адам ұсталған. Азаттық тілшісі полицияның он шақты адамды ұстап әкеткенін көрді.

(Жаңалық толықтырылады).


Azattyq
Автор
Нұрсұлтан