Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда бір топ адамды қағып кеткен автобустың видеосы тарады

Алматыда бір топ адамды қағып кеткен автобустың видеосы тарады

Алматы қалалық полиция департаменті 47-автобустың бір топ адамды қағып кеткен сәтінің видеосын жариялады. Қайғылы оқиға бүгін, сағат 18:15-те болған деп жазады Adyrna.kz.

Басқарманың баспасөз қызметі қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғандығын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын жазды.

Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

«Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы(бұзақылық) және ҚР ҚК-нің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осы бап бойынша ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан  айырылуы мүмкін. Ұсталған адам ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды»,—делінген хабарламада.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.
Автор
Данияр