Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасы карантинге жабылды - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасы карантинге жабылды - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасы карантинге жабылды. Жалпы, қалада екі медициналық мекеме жұмысын тоқтатты. Бұл туралы мегаполистің бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы коронавирус аурулары тіркелген алғашқы күннен бастап жабық. Науқастар басқа мекемелерге жіберілді. Науқастармен байланысқа шыққан қызметкерлер карантинге алынған. Қалалық балалар жұқпалы және орталық клиникалық ауруханасы жабық", - деді Айзат Молдағасимова.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері арасында коронавирустың 20 жағдайы тіркелген. Соңғы екі күнде Алматыда жұқтырған тағы жетеуі - балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері.

Өткен тәулікте қалада медицина қызметкерлері арасында COVID-19 вирусын жұқтырудың 27 жағдайы тіркелді.
 


stan.kz
Автор
Айбар