Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеолар тарады, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Оқиға 6 қыркүйек таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. Сағат 8:00 шамасында куәгерлер осы қиылыстан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы тарады.

Жарияланған кадрларда өрттің автобустың ішінен шыққанын көруге болады. Болжам бойынша, бұл №38 бағыт.

Алматы әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

"Егжей-тегжейлері нақтыланып жатыр. Өрт енді ғана сөндірілді. Толық ақпаратты сәл кейінірек береміз", - деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасының өкілі.
Автор
Данияр