KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Алматыда абақтыға жабылған жеті азамат коронавирусқа тексерістен өтуде - Қазақстан жаңалықтары

• Еркебұлан

Алматыда ЖРВИ белгілері байқалған абақтыда отырған жеті азаматты коронавирусқа тексеруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жексенбі, 7  маусым күні Алматының тергеу изоляторында отырған жеті күдікті денсаулықтарына байланысты шағындарын жеткізген.

"Шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртылды. Олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан өтті", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда ауру белгілері байқалғандардың жағдайы қанағаттанарлық екен. 


 


stan.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →