KZNews.kz
Қоғам

Алматыда 5,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Торғын Абушахман

Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 02:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болды.

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілді.

“Жер сілкінісінің эпицентрі – Қытай аумағында, яғни Как-Шаал-Тоо жотасында орналасқан. Ол Бедель ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым жерде тіркелген. Бұл аймақта жер сілкінісінің қарқындылығы 3,5 балл болды.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →