KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгертілді - Ел жаңалықтары

KZNEWS

Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгертілді. Бұйрық "Әділет" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ремизовка ықшамауданы енді Асқартау, Дубок ықшамауданы - Шабыт, Бутаковка - Мұзтау деп аталады. Дорожник ықшамауданы - Көкмайса, Трудовик - Томирис, Первомайский - Кемел, Заря Востока - Шапағат деп өзгертілді.

Сондай-ақ, Алғабас-1-6, Қарағайлы-2, Каменка-3, Дубок-2 ықшамаудандарының да атауы өзгерді. Бұл бастаманы қалалық мәслихат өкілдері көтерген еді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары