"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда 18 күнде салынған модульдік аурухана ашылды

Алматыда 18 күнде салынған модульдік аурухана ашылды

Жұқпалы аурулар госпиталі 280 адамға есептелген. Ішінде 9 клиникалық бөлімше, 28 орынға арналған жансақтау бөлімшесі бар

АЛМАТЫ, 24 сәуір –Sputnik. Алматыда модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 18 күнде бой көтерген аурухананың ашылуына қатысты, деп жазады Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұқпалы аурулар ауруханасы 280 адамға есептелген. Ішінде 9 клиникалық бөлімше мен 28 орынға арналған жансақтау бөлімшесі бар

"Біздің дәрігерлер мен барлық медицина қызметкері ұйқысыз әрі демалыссыз коронавирус инфекциясымен күресіп жатыр. Өздерін аямай, бізді қорғауда. Біздің міндетіміз – олардың жұмысына қажетті барлық жағдайды жасау. Жаңа кешен жұқпалы ауруға шалдыққандарға жеткілікті орын қорын құруға мүмкіндік береді. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді", - деді қала әкімі.

Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасы 280 адамға есептелген. Ішінде 9 клиникалық бөлімше, 28 орынға арналған жансақтау бөлімшесі бар. Бір кісіге арналған далаға бөлек шығуға болатын 10 палата, динамикалық бақылауда болатындарға арналған біркісілік бес палата бар қабылдау бөлімі қарастырылған. 

Ауруханада 75 дәрігер, 100 медбике және кіші медицина қызметкерлері бар. Мекеменің барлық қызметкері "Атакент парк" қонақүйіне орналастырылған. Қызметкерлерді таңертең және кешке тегін тасымалдайды.

Ауруханада 75 дәрігер, 100 медбике және кіші медицина қызметкерлері бар

Сонымен қатар ауруханада 28 жасанды тыныс алу аппараты және өзге де заманауи медициналық жабдық бар.

Модульдік кешен өзара байланысқан бірқабатты екі және екіқабатты төрт корпустан тұрады. Ғимарат өрт дабылы және бейнебақылау жүйесімен де қамтамасыз етілді. Емханаға үш есікпен кіріп-шығуға болады. Мекеме сыртында және ішкі жағында көлік қоюға арналған тұрақ бар.


sputniknews.kz
Автор
Данияр