Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда 15 жастағы жеткіншек із-түссіз жоғалып кетті - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда 15 жастағы жеткіншек із-түссіз жоғалып кетті - Қазақстан жаңалықтары

Алматы қаласында 14 жастағы мектеп оқушысы іс-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іздеу салынған жігіттің аты - Кунту Шерхан Тұрмаханбетұлы, 2005 жылы дүниеге келген. Қазір сегізінші сынып оқушысы.

"2020 жылғы 20 ақпанда сағат 14: 30-да ол үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған", - деп жазды қалалық білім басқармасы Facebook-тегі парақшасында.

Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов те хабарлады.

"Арық, бойы - 1,5 метр, шашы қара, қысқа. Қара күртеше, қара қалпақ, джинсы, кроссовка киген. Қолында қара түсті сөмке бар. Іздестіруге көмек сұраймын", - деп жазды Instagram парақшасында Кикимов.

Кунту Шерханның 20 ақпан кешкі сағат 9:00-де полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Қазір оқушыны іздестіру жұмыстарымен арнайы топ айналысып жатыр. Оның құрамына ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар кірді. 

"Сондай-ақ, волонтерлер де іздеуге қосылды, баланың белгілері бар барлық бағдарлар жабыстырылды, сауда үйлері мен компьютерлік клубтардың қызметкерлеріне таратылды" , - деді Алматы қаласының полиция департаментінде.

Органның мәліметінше, іздестіру жұмыстары түнде басталып, осы уақытқа дейін жалғасып жатыр. 


stan.kz
Автор
Данияр