Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы тұрғыны өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Алматы тұрғыны өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Алматылық келіншек өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды kznews.kz сайты Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Өйткені қайтыс болған танысы бір кездері түсініксіз себептермен бірнеше мәрте қыздың аты-жөнін қолданған көрінеді. 

«Әуелгі әңгіме көмекші боп келген марқұмның қарызға ақша алуынан басталды», – дейді қала тұрғыны.

Кейіннен ол Фидан Абилованың мәліметтерін өз құжаты ретінде пайдаланып, ауруханаға жатқан.

«Мұның бәрін былтыр 26 қыркүйекте білдім. Менің жеке куәлігімді көшірмеден өткізіп, білгенін істепті. Ол қайтыс болып кетті ғой, ал мен әлі де өзімнің тірі екенімді дәлелдей алмай құжат жинап жүрмін», – деді қала тұрғыны Фидан Абилова.

Фидан Абилова жиналған құжаттың бәрін прокуратураға өткізгенін айтады. Кейіннен мәлім болғандай, қайтыс болған адам Абилованың аты-жөнін 6 айдай қолданған. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Азаматшаның прокуратураға берген арызының негізінде актілік жазбаның күшін жою туралы талап енгізілді. Нәтиже бойынша зардап шеккен адамның бұзылған құқығы қалпына келтірілді», – деді Түрксіб ауданының прокуроры Айбек Бәрпібаев.

Автор
Айбар