Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы тұрғыны донердің ішінен пышақтың сынығын тапқан

Алматы тұрғыны донердің ішінен пышақтың сынығын тапқан
Фото: inkcherry.kz парақшасынан

Әйелдің айтуынша, дөнердің ішінен кеңсе пышағының ұшы табылып, оның баласының өміріне қауіп төнген. Ол бұл жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, жауапты органдарды тексеру жүргізуге шақырды.

"Балам ұстараның сынығын байқамай жұтып қойса не болар еді? Мұндай салақтыққа жол беруге болмайды", – деп жазды тұрғын.

Ол мекеме иесін асүйдегі тәртіп пен қызметкерлердің жұмысын қатаң бақылауға шақырды.

Пікір қалдырған өзге қолданушылар да дәмхана сапасына наразылық білдіріп, бұған дейін тағамнан бөтен заттар табылғанын жазған.

Ал "Донер на Абая" өкілдері оқиғаны растап, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді:
"Біз өнім сапасына жауапкершілікпен қараймыз. Қай күні және қай филиалда тапсырыс жасалғанын нақтылап, жағдайды мұқият тексереміз", – делінген ресми жауапта.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.