Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы тауларында жоғалған қыздың мәйіті табылды

Алматы тауларында жоғалған қыздың мәйіті табылды

Алматы тауларында бір күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұм 19 желтоқсан күні шамамен сағат 16:00-де әпкесімен соңғы рет байланысқа шығып, Букреев шыңынан Pioneer тау-шаңғы курортына қарай түсіп келе жатқанын айтқан. Оның үстінде тауға арналған аяқ киім, қара түсті қысқы комбинезон мен дулыға болған, ал қолында сноуборд алып жүрген.

Туыстарының айтуынша, марқұм бұл бағытпен бұған дейін де бірнеше рет жүрген. Pioneer курорты маңындағы бейнебақылау камералары оның таңғы сағат 6:30-да тауға шыққанын тіркеген. Алайда кері қайтқан сәті жазбаларда анықталмаған.

20 желтоқсан күні Pioneer тау-шаңғы курорты Instagram желісіндегі ресми парақшасында қайғылы жағдайды растады.

«Құтқару қызметі Букреев шыңы маңында бір күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйітін тапты. Түпкілікті сәйкестендіру сараптамалар аяқталғаннан кейін жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Курорт өкілдері оқиғаның трассадан тыс, демалыс орнының жауапкершілігіне кірмейтін аумақта болғанын нақтылады.

«Қыз тауға жалғыз өзі, құтқару қызметіне тіркелмей шыққан. Қайтыс болған адамның жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Барша демалушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, белгіленген аумақтарда жүруге және тауға жалғыз шықпауға шақырамыз», – деп мәлімдеді курорт әкімшілігі.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.