Алматылықтар жер сілкінісін сезінді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы – Өскемен жолында мас жүргізуші басқа көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО)

Алматы – Өскемен жолында мас жүргізуші басқа көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы – Өскемен тасжолында мас жүргізуші жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер оны Қонаевқа қарай бара жатқан жолда қуып жетіп, қолға түсірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама 102 арнасына түнгі сағат 3 шамасында түскен. Куәгерлер жол апатына қатысушылардың бірінің оқиға орнынан кетіп қалғанын хабарлаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері Nissan Cefiro автокөлігін қуып жетіп тоқтатқан. Рөлде Ескелді ауданының 25 жастағы тұрғыны отырған.

Полицияның мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, ер адам көлікке отырар алдында ішімдік ішкен. Кейін рөлге отырып, қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, басқа Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.

Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болғанын растады. Сонымен қатар оның бұған дейін жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан ол қайтадан мас күйінде көлік жүргізген.

Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.