Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жылқы мінген 7 жасар бала көлікпен соқтығысып, ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

Жылқы мінген 7 жасар бала көлікпен соқтығысып, ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

Тараз қаласында ерекше әрі қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. 6 сәуір күні қаладағы бір қиылыста жылқыға мінген 7 жастағы бала жеңіл көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға алдында жылқы қатты қорқып, бақылаудан шығып кеткен. Толық жылдамдықпен шауып келе жатқан жануар бала үстінде Toyota көлігінің артқы бөлігіне соғылған. Қатты соққы салдарынан бала мен жылқы бірнеше метрге ұшып кеткен.

Жылқы оқиға орнында қаза тапты. Ал бала ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның иық сүйегі сынғанын анықтап, ота жасаған. Қазір жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, бала үлкен көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген. Осыған байланысты ата-анасы жауапкершілікке тартылған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.