Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысының тұрғыны туысының мәйітін жол жиегіне лақтырып кеткен

Алматы облысының тұрғыны туысының мәйітін жол жиегіне лақтырып кеткен

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Марқұмның алыс туысы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, ер адамды темір құбырмен ұрып, пышақтап тастаған

ТАЛДЫҚОРҒАН, 25 қараша – Sputnik. Алматы облысында полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының 31 жастағы тұрғынын  өлтірді деген күдікпен марқұмның туысын ұстады, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

23 қараша, сенбі күні Талғар ауданының тұрғындары Алатау-Тұздыбастау тасжолындағы арықтан зорлық-зомбылықпен өлтірілген жас жігіттің денесін тауып алған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қызылордада апатқа ұшыраған көліктің жүксалғышынан адам мәйіті табылды

Көп ұзамай адам өлтірді деген күдікпен 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жәбірленушінің алыс туысы болып шықты.

Кісі өліміне не себеп болғаны, сондай-ақ басқа да жағдайлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Адам өлтіру) 99-бабында қарастырылған сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.

Қылмыс пышақ және темір құбырмен жасалғаны белгілі болды. Күдікті ер адам уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Күдікті сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  


sputniknews.kz
Автор
Данияр