ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында түйе сүтін өңдейтін зауыт іске қосылды

Алматы облысында түйе сүтін өңдейтін зауыт іске қосылды

Тұңғыш Президент күнінде Алматы облысында құрғақ түйе сүтін өндіретін жаңа зауыт іске қосылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Нысан Іле ауданының Ақши ауылында ашылды. Салтанатты шараға Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев, Алматы облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қоюмшан Омаров қатысты.

Тауарлы-сүт фермасы түйе сүтін қазіргі заман талабына сай өңдеп, Қазақстан аумағында ғана емес, өзге мемлекеттерге экспортқа шығаруда. Жаңа зауыттың жоба құны - 1 млрд теңге. Ауылда 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт айына 30 тонна ұнтақ сүт дайындауға қауқарлы», делінген Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сондай-ақ зауыт өзінің толық циклды қамтуымен ерекшеленеді. Яғни түйе сүті бір жерде сауылып, өңделіп нарыққа және экспортқа шығарылады.

Бүгінде фермада 5 мыңнан астам қос өркешті түйе және аруана (бір өркешті) бар, келешекте оның санын 15 мыңға жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, аталған зауытта күніне орташа есеппен 5-7 мың литр шұбат әзірленеді.

Автор
Нұрсұлтан