Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында тапшы дәріні сатқан аурухананың бөлім меңгерушісі ұсталды

Алматы облысында тапшы дәріні сатқан аурухананың бөлім меңгерушісі ұсталды

Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада халыққа тапшы дәріні жан сақтау бөлімінің меңгерушісі сатқаны үшін ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы ІІБ баспасөз қызметі хабарлайды деп жазды KzNews.kz 

Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды.

Жеке тексеру барысында Севофлуран, Цефтриаксон, Меобактрин, Альбунорм, Неоцитотект, Октагам, Архимакс, Меропенем, Годовист және Пропофол сияқты 90 шиша дәрі алынды.

Сонымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен қаражаты 1 млн 370 мың теңге болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор
Айбар